Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 13 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 340,84 теңге болды. 12 қыркүйектегі таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда (337,83/$1) ұлттық валюта 2,17 теңгеге төмендеді. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу